Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

ІІМ елордадағы сауда орталығында балалы ер адамды ұрып-соққан Бейбіт Шүменовке қатысты тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"18 маусымда Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - деп хабардар етті ІІМ-нен.

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасын жүргізуде. ІІМ өкілдері олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.

Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028532-iim-astananyn-sauda-ortalygynda-bolgan-beibit-sumenovtin-tobelesine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel