jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Көлеңкеде тұрған қыз
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер елімізде алдағы үш күнде, атап айтқанда 15-17 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел тұрады деп болжанған. Республиканың батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Синоптиктер еліміздің кей өңірлерінде күндізгі температураның төмендейтінін болжады.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы +20...+25 градустан +25...+33 градусқа дейін құбылса, солтүстік-батыста термометр +18...+30 градустан +25...+33 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.

Ал еліміздің орталығында ауа темпертаурасы +25...+33 градустан +32...+39 градусқа дейін ыстық болады. Мамандар оңтүстікте алдағы үш күнде аптап ыстық сақталатынын ескертеді. Яғни оңтүстікте ауа температурасы +25...+35 градустан +35...+42 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіледі.

Синоптиктер батыс өңірлерде ауа температурасы +22...+35 градус аралығында болса, шығыста +27...+35 градус аралығында жылы болады деп болжауда.

Еліміздің оңтүстік-шығысында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.