Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйқамаққа шығарса, қашып кетуі мүмкін": сот шешімімен Ақтөбе облысының экс-әкімі тергеу изоляторында қалды

Опубликовано:

айыпталушы
Ермек Имантаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевқа қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтуде. Судья Имантаевты денсаулығына байланысты үйқамаққа жіберу туралы қорғаушылардан түскен өтінішхатты қанағаттандырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Прокурор экс-әкім Ермек Имантаевты үйқамаққа шығарса соттан жалтарып, қашып кетуі немесе сот ісіне кедергі келтіруі мүмкін деп күдіктенеді.

"Мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істің ауыр, санкция бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын алға тартты. Айыпталушы үйқамаққа шығып кетсе, соттан жалтарып, қашып кетуі, сот ісіне кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты. Мемлекеттік айыптаушы бұған дейін куәгерлерге қысым көрсетілгенін хабарлады. Сот айыпталушы, қорғаушы, мемлекеттік айыптаушыны тыңдап, қазіргі кезде №70 күзетпен ұстау изоляторында бар жағдай жасалғаны, Имантаевқа медициналық көмек уақытылы көрсетілетінін негізге алды. Өтінішхат қанағаттандырылмайды", - деді судья Теміржан Алданов.

судья
Сот отырысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Сонымен қатар судья алдын ала сот тыңдауында тергеудің толық жүргізілмегені, дәлелдемелердің аз екені туралы өтініштің қабылданбайтынын, қорғаушылар айтқан кемшіліктерді түзетуге болатынын айтты. Іс сотқа түскен бап бойынша қаралады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаев қамауға алынғаннан кейін жүрегіне ота жасалғанын айтып, соттан үйқамаққа ауыстыруды сұраған еді.

Айта кетейік, мемлекетке 200 млн теңгеге жуық шығын келтірді деп айыпталған Ермек Имантаев ақпан айынан бері қамауда отыр.

Шенді 2023 жылдың 8 ақпаны күні Қылмыстық кодекстің 361 бабы 4 бөлігімен күдікке ілікті. Ал 28 сәуір күні іс Қылмыстық кодекстің 189 бабы "Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлiгін иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабына ауыстырылды.

Іс бойынша тергеу жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-шендіні қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды, өзінің үлестес адамдарына жер телімін төмен бағаға берді деп айыптады. Мемлекетке 199,4 млн теңге шығын келтірді деген күдікке іліккен Ермек Имантаевқа қатысты сот процесі 20 шілдеде басталады.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028665-uiqamaqqa-sygarsa-qasyp-ketui-mumkin-sot-sesimimen-aqtobe-oblysynyn-eks-akimi-tergeu-izolyatorynda-qaldy/

pixel