Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғандық студенттер сабаққа қатысуды қадағалайтын қосымша әзірледі

Опубликовано:

Елімізде тұңғыш рет: NUR.KZ iOS-смартфондарға арналған инновациялық виджетті іске қосты
Ұялы телефон. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері студенттердің сабаққа қатысуын бақылайтын қосымша әзірледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство хабарлауынша, студенттер аталған қосымшаны Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп жасаған.

Қосымшаны әзірлеушілердің айтуынша, қосымша – сабаққа қатысуды есепке алу және бақылаудың тиімді жолы.

"QR-код арқылы студенттердің сабаққа келуін бақылау оқу орны үшін ыңғайлы, білім алушылардың да жауапкершілігін арттырады.

Әр студент келген бойда QR-кодты телефон арқылы сканерлейді. Оның қай уақытта келгені автоматты түрде базаға енгізіледі. Үйде отырып сурет арқылы сканерлеу мүмкін емес. Сондықтан сессия кезінде әр студенттің үлгерімі мен сабаққа қатысуы анық көрінеді.

Бұл студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жасалған қадамның бірі", – дейді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің педагогі, жоба жетекшісі Бақтияр Сатқұлов.

Оның айтуынша, жоба толықтай дайын, тек оны пайдалану үшін оқу жылының басында жаңа білімгерлердің мәліметтерін деректер қорына енгізу қажет.

Студенттер әзірлеген QR-код Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне қойылған.

Алдағы уақытта ол облыстың барлық колледж, жоғарғы оқу орындарына ұсынылмақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028727-taldyqorgandyq-studentter-sabaqqa-qatysudy-qadagalaityn-qosymsa-azirledi/

pixel