Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500 мың теңге мен грант: екі жасөспірімді құтқарған павлодарлық студент марапатқа ие болды

Опубликовано:

Жасөспірімдерді құтқарған студенттің марапаттау сәті
Жасөспірімдерді құтқарған студент. Фото: t.me/gylym_jogary_bilim

14 шілдеде павлодарлық ержүрек студентке 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен ноутбук табысталып, 3 жылға ректордың гранты берілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Ә.Марғұлан университетінің 1 курс студенті суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Бүгін, 14 шілде күні Павлодар облысының басшылығы өжет жігітті құттықтап, алғыс хат табыстады.

"Осыдан екі күн бұрын Асан аптап ыстықтан қорғану үшін орталық жағалауға барған. Ол суға кетіп бара жатқан жасөспірімді көреді де ойланбастап суға сүңгіп кетеді. Жасыбай жағасында малтуды үйренген өжет жігіт екеуін де жағаға дін аман алып шығыпты.

Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары Асан Асайыновқа 500 мың теңгенің сертификаты мен ноутбук табыстады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, ержүрек жасқа "Аманат" партиясының облыстық филиалының атынан ақшалай сыйлық берілген.

Студент математика пәні бойынша ақылы негізде білім алуда. Осы орайда университет басшылығы қалған 3 жылға ректордың грантын табыстап, адамгершілік қасиетін бойына дарытып тәрбиелеген анасына алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028751-500-myn-tenge-men-grant-eki-zasospirimdi-qutqargan-pavlodarlyq-student-marapatqa-ie-boldy/

pixel