jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: Рixabay.com

Сенбі, 15 шілде күні Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астанада бүгін, 15 шілде күні синоптиктердің болжауынша, көшпелі бұлт шығады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 23-25 ​​градус ыстық болады деп күтілуде.

Алматыда бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Синоптиктердің болжауынша ауа температурасы түнде 23-25 ​​градус аралығында, күндіз 33-35 градус ыстық болады деп күтілуде.

Шымкентте сенбі күні ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 м болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 33-35 градусқа дейін көтеріледі.

Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.