jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Жаздағы ауа райы
Жаз. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде, яғни 18-20 шілде аралығында елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ бұршақ жауып, аптап ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында хабарлады.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, сондай-ақ екпінді жел күтіледі.

18-19 шілде күні батыс пен солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Ал Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус аптап ыстық күтілуде.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.