jitsu gif

Ертең телеарналар мен радиолар уақытша хабар таратпайды

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде телеарналар мен радиолар 19 шілдеде сағат 17:00-ге дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлімдеді.

"Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз", - деді компания өкілдері.

Сондай-ақ "Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін көрермендер мен тыңдармандардан кешірім сұрайтынын жеткізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.