jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда қала маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар іске қосылады

автобустар
Қоғамды көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл Алматы әкімдігі қала маңындағы он жаңа бағытты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жаңа бағыттар қала шекарасынан 50 шақырым радиуста орналасқан Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының бірқатар елді мекендерін қамтиды.

Олар келесі бағыттар бойынша жүреді:

  • "Жетісу базары - Дәулет ауылы;
  • Алматы-1 теміржол вокзалы - Туғанбай, Нұра;
  • Алматы-2 теміржол вокзады - Тұздыбастау ауылындағы "Сұлтан" кешені;
  • "Райымбек батыр" метро станциясы - Еламан ауылы;
  • "Саяхат" автовокзалы - Қарой ауылы;
  • "Сәлем" базары солтүстік айналма - Исаево ауылы";
  • "Адем" сауда үйі - Батыр ауылы.

Сондай-ақ Төле би – Яссауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыс алаңынан Қарғалы, Шамалған және Мыңбаев елді мекендері бағытында бірнеше бағыт ұйымдастырылады.

"Жаңа бағыттар әлеуметтік маңызы бар хабарламалар санатына жатқызылады және тұрғындар үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялауға жатады", - деп хабарлады әкімдіктен.

Ведомствоның ақпаратынша, 2024 жылдың соңына дейін 30 жаңа қала маңына қатынайтын маршрут іске қосу жоспарлануда.

Алматыда қала маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.