Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін де еліміздің бірнеше өңірінде 42 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Опубликовано:

суға шомылып жатқан кептерлер
Суға шомылып жатқан кептерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 19 шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Сәрсенбіге арналған ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Бүгін шығыста ғана күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Сондай-ақ сәрсенбіде Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Абай облысында ауа температурасы 35-42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Бұдан бөлек бүгін Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Ұлытау, Абай, Жетісу облысының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысы мен орталығында өрт шығу қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029186-bugin-de-elimizdin-birnese-onirinde-42-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-kutilude/

pixel