Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – сенсация": Ақтөбеде сұлтандар жерленген болуы мүмкін қорымдар анықталды (видео)

Опубликовано:

Адамдар құлпытастың жанында тұр
Ақтөбедегі ежелгі қорымдар. Видеодан кадр: КТК арнасы

Тарихшылар Ақтөбенің қазіргі жасы әлдеқайда үлкен болуы мүмкін екенін анықтады. Қаладан XVII-XVIII ғасырлардағы ежелгі қорымдар табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбелік тарихшылар қаланың қазіргі жасына күмән келтірді. Ресми түрде облыс орталығы 1869 жылы қаланған деп есептелсе, қазір есеп бойынша қалаға 154 жыл толып отыр.

Алайда зерттеушілер қала бұдан да ертерек пайда болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Мұның бір дәлелі, тарихшылардың пікірінше, табылған жаңа қорымдар. Ескі қала зиратында олар сұлтандар жерленуі мүмкін деген жерлеу орындарын тапқан. Олардың кейбіреулері XVII-XVIII ғасырларға жатады.

Сонымен қатар археологтар ежелгі қалашық пен елдімекендерді тапты. Олардың пікірінше, бұл әкімшілік орталықтың негізі әлдеқайда ерте қаланғанын көрсетеді.

Бұл қазіргі қала тұрғындарының өміріне қалай әсер ететінін айту қиын. Бірақ сарапшылар бұл тарихи сәтті міндетті түрде зерттеу керек екеніне сенімді.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл идеяны шенеуніктер де қолдаған. Олар әрі қарай зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша бөлуге дайын.

"Оның дәлелі – мына құлпытастар. Мұнда біз төрт құлпытасты қазақ тілінде оқыдық. Бұл сенсация. Мұның өзі бұл жерде адамдардың 69 жылға дейін өмір сүргендерін айтып тұр. Олар тұрақты өмір сүрген, өлгендерін жерлеген. Сол кездің өзінде қалалық қорым болған. Бұл Ақтөбе қаласының 69-шы жылдан әлдеқайда ерте пайда болғанын дәлелдейді" – дейді түркітану және моңғолтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Талғат Жұмағанбетов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029207-bul-sensaciya-aqtobede-sultandar-zerlengen-boluy-mumkin-qorymdar-anyqtaldy-video/

pixel