Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау қашан басталады

Опубликовано:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: pixabay.com

20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Министрлік мәліметінше, тамыздағы ҰБТ негізгі ҰБТ-да шекті балл жинай алмаған талапкерлерге тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі.

Тіркелу кезінде талапкерлер емтиханнан өту орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Министрліктің хабарлауынша, негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер тамыз тестілеуінде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.

"Өкінішке қарай, қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шекті балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет", – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сондай-ақ министрлік жоғары оқу орнында ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданатынын атап өтті. Бұл ретте оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Сонымен қатар ведомство барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі берілетінін де еске салды. Ал әрі қарай олар 2024 жылы қаңтардағы, наурыздағы, негізгі және тамыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыруы үшін қажетті шекті балын жинай алады.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029226-tamyz-aiynda-otetin-ubt-ga-qatysu-usin-otinis-qabyldau-qasan-bastalady/

pixel