jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, 36 градус ыстық болуы мүмкін

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: Pexels.com

Бейсенбі, 20 шілде күні Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал елордада тағы да найзағай ойнауы мүмкін. Мұндай мәліметті "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Астанада күн күркіреп, жел секундына 9-14 метрге дейін соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Бұл ретте елордада термометрлер күндіз 26-28 градус, ал түнде 15-17 градус жылыны көрсетеді.

Алматыда бүгін күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік астанада күндіз 32-34 градусқа дейін аптап ыстық болады. Ал түнде ауа температурасы 21-23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с болуы мүмкін.

Шымкентте де жаңбыр жаумайды, мамандар көшпелі бұлт шығады деп болжап отыр. Күндіз термометрлер 34-36 градусқа дейін көтерілсе, түнде 21-23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді.

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, 36 градус ыстық болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.