jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысының әкімдігі екі электромобиль алуға шамамен 70 миллион теңге жұмсамақ

автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ақтөбе облысының билігі 70 миллион теңгеге екі электромобиль сатып алу туралы шешім қабылдаған. Көлік облыс қонақтарына арналған деген болжам бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның әкімдік ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, облыс билігі атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын осылайша азайтуды ұйғарған. Әр электромобиль бюджетке 40 миллион теңгеге жуық шығын әкелетініне қарамастан, ведомство оның өңір үшін қажет екеніне сенімді.

Бұл ретте әкімдіктегілер электромобильді шенеуніктердің өздері емес, жоғары лауазымды қонақтар мінетінін алға тартады. Олар бұл идеяның аяқ астынан келгенін айтқан.

Облыс әкімдігінің автотұрағы бес жылдан астам уақыт бойы жаңартылмағаны белгілі болды. Ал көліктерді таңдаған кезде олар бұл жолы дәстүрлі "люкс" көліктерді емес, жоғары технологиялық көліктерді сатып алуды жөн көрген.

Лотта көрсетілгендей, электромобиль опциялардың толық пакетімен болуы керек. Тіпті, ақтөбелік шенеуніктердің өтінішін қанағаттандыруға ниеттілер де табылған. Сатушыға бюджеттен шамамен 70 миллион теңге төленеді.

"Олар шетелдік делегацияларға, инвесторларға арналған, өйткені соңғы кездері Ақтөбе облысына шетелдік инвесторлар көптеп келеді. Ақтөбе облысы әкімдігінің көлік паркі 2018 жылдан бері жаңартылмаған. Тұжырымдама - экологиялық таза, қоршаған ортаны ластамайтын көлікке көшу. Сондықтан электромобиль сатып алу туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы әкімдігі Іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рскелдин.

Ақтөбе облысының әкімдігі екі электромобиль алуға шамамен 70 миллион теңге жұмсамақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.