jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Құлпытастың биіктігі бір метрден аспауы керек": Астанада жерлеу рәсімі бойынша жаңа ережелер бекітілмек

зират
Зират. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық дін істері басқармасы алдағы уақытта жерлеу рәсімі мен зират күтімі бойынша ережелер бекітілетінін атап өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Астана қаласы дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қазіргі уақытта жерлеу рәсімі бойынша арнайы ережелер әзірленіп жатқанын атап өтті.

"Онда құлпытас биіктігі бір метрден аспауы керек. Зират қоршалған болуы керек, күтім жасалуы керек. Жер кодексіне сәйкес, жерлеу үшін 2х3 шаршы метр жер тегін беріледі, бірақ көп адам басқа туыстары үшін екі орын сұрайды. Сол үшін жерлеу туралы ережеге толықтырулар енгіземіз", - дейді Нұрдәулет Әлмұханов елордалық мәслихат отырысында.

Спикердің айтуынша, қалада 28 зират бар, оның ішінде 16-сының ғана құжаттары реттелген.

Нұрдәулет Әлмұханов санитарлық нормаға сәйкес, зират пен тұрғын үй арасында 300 метр қашықтық сақталуы керек екенін де атап өтті.

"Құлпытастың биіктігі бір метрден аспауы керек": Астанада жерлеу рәсімі бойынша жаңа ережелер бекітілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.