jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы тағы екі учаске жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 22 шілдеге дейін әл-Фараби даңғылы бойындағы бұрылыс жолдарды жөндеуге байланысты екі учаске жабылады. Бұл туралы мегаполис әкімдігі Almaty_Joly Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

20 шілде сағат 23:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін Меңдіқұлов бульварынан Достық даңғылына қарай шығыс бағытта қозғалыс кезінде Әл-Фараби даңғылындағы бұрылыста қозғалыс шектеледі.

Батыс бағытта Достық даңғылынан Әл-Фараби даңғылына және шығыс бағытта Әл-Фараби даңғылынан Достық даңғылына дейінгі жол жабылады.

"Бұл аумақты Меңдіқұлов бульвары, Назарбаев даңғылы, Сәтбаев және Жолдасбеков көшесі арқылы айналып өтуге болады. Оңтүстік бағытта Әл-Фараби даңғылынан Достық даңғылына Назарбаев даңғылы, Жолдасбеков көшесі және Достық даңғылындағы айналма жол арқылы баруға болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Достық даңғылындағы көлік қозғалысы кестеге сәйкес шектеледі. Патрульдік полицияның 3 экипажы көлік қозғалысын реттейді.

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы тағы екі учаске жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.