jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Көлік қозғалысы қиындауы мүмкін": ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктіне қатысты үндеу жасады

Бақылау-өткізу пункті
Бақылау-өткізу пункті. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде көлік қозғалысы қиындауы мүмкін. Осыған байланысты ҰҚК Telegram-дағы ресми арнасында азаматтарға үндеу жасады.

"2023 жылғы 27 шілде мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының "Қайрақ" өткізу пунктіне қарама-қарсы Ресей Федерациясының "Бугристое" автокөлік өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осы ретте, көлік құралдарының қозғалысы қиындап, салдарынан бақылау процедураларының уақыты ұзаруы мүмкін", - делінген хабарламада.

ҰҚК Қостанай облысы арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін келесі өткізу пункттерін қарастыруды ұсынды:

Халықаралық өткізу пункті:

  • "Ақбалшық" авто (ҚР) – "Воскресенское" авто (РФ);

Екі жақты өткізу пункттері:

  • "Обаған" авто (ҚР) – "Звериноголовское" (РФ)
  • "Желқуар" (ҚР) – "Мариинский" (РФ)
  • "Аят" (ҚР) – "Николаевка" (РФ)
  • "Қондыбай" (ҚР) – "Комсомольский" (РФ).

Сондай-ақ ведомство қалыптасып отырған жағдайға байланысты азаматтарға қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынып отыр.

"Көлік қозғалысы қиындауы мүмкін": ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктіне қатысты үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.