jitsu gif

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі жабылды

Розыбакиев көшесі уақытша жабылады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы қаласында Саин көшесінің бір бөлігі жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды. Бұл туралы Almaty_Joly Telegram арнасы хабарлады.

"Саин көшесі бойындағы ҮАК-нан Мөңке би көшесіне дейінгі аумақтың орташа жөндеуден өтуіне байланысты 21 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде сағат 14:00-ге дейін жолдың батыс жағындағы көлік қозғалысы толық шектеледі.

Көше Саялы шағын ауданның жанынан өтеді.

Патрульдік полицияның 6 экипажы көлік қозғалысын реттейді, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылған, жолақтар жарық шағылыстыратын таспалармен бөлінеді.

Реверсивті қозғалыс басталар тұстағы екі қапталға да көліктердің ортасын қоршаулар бөліп тұрады.

Жөнделіп жатқан жолдар туралы соңғы жаңалық қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшасында және 2ГИС қосымшасында көрсетілген.

Жолда абай болыңыз және жол ережесін сақтаңыздар!" - делінген хабарламада.

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.