Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бірнеше көше жабылады

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байнанысты тағы бірнеше көше жабылады. Бұл туралы Almaty_Joly Телеграм каналы хабарлады.

"Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағына полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды. Қозғалыс ашық. Назарбаев және Достық даңғылдарындағы бұрылыстар жөнделді.

Келесі кезең – даңғылдың солтүстік жағындағы орташа жөндеу.

22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Жарбұлақ өзенінен Сейфуллин даңғылына дейінгі батыс бағытта қозғалыс толығымен жабылады.

Жарбұлақ өзенінен Марков көшесі аралығында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Әл-Фараби даңғылының көлік магистралі бойынша жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі және оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Әл-Фараби даңғылындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шығыс айналма жолынан Сейфуллин даңғылына дейін мынадай шаралар қабылданған.

  • 22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 07:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағындағы қозғалыс толығымен шектеледі.
  • 22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 7:00-ге дейін Достық даңғылы, Назарбаев даңғылы, Меңдіқұлов бульвары мен Батыс Желтоқсан көшесіне дейін Әл-Фараби даңғылында батыс бағытқа қарай қозғалыс шектеледі.

Бұл аумақтарды Достық даңғылы, Сәтбаев көшесі және Сейфуллин даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

  • 24 шілде сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытқа (Шығыс айналма жолынан) қозғалыс толығымен жабылады.
  • 23 шілде сағат 07:00-ден 24 шілде сағат 00:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Шығыс айналма жолынан (Жарбұлақ өзеніндегі көпір) Марков көшесіне дейін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Әл-Фараби даңғылы бойындағы батыс және шығыс бағыттағы қозғалыс жолақтарының санын қалыптасқан жағдайға қарай патрульдік полиция қызметкерлері айқындайды.

Шығыс айналма жолынан Достық даңғылына (батысқа қарай жүруде) қозғалысты шектеу штаттық режимде жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029694-almatyda-zol-zondeu-zumystaryna-bainanysty-tagy-birnese-kose-zabylady/

pixel