Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБұған дейін қолында баласы бар Қырғызстан азаматына шабуыл жасады деп айыпталған боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алудың ресми порталында хабарланды.
Порталдың хабарлауынша, боксшы екі күннен бері іздестірілуде.
Белгілі болғандай, Бейбіт Шүменовты іздестіру шарасы Астанада 22 шілдеде тіркелгені хабарланды.
Портал мәліметінше, боксшыны іздеуді жүргізіп жатқан орган – Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы.
Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.
Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.
Одан бөлек, ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029771-bokssy-beibit-sumenovke-izdeu-zariyalandy/