Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бірқатар шағынаудан мен көшеде су уақытша өшіріледі

Опубликовано:

Қолын жуып тұрған әйел
Қол жуатын құрал. Көрнекі фото: pexels.com

Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде су берудегі уақытша шектеулер жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, селдің нәтижесінде пайда болған тау өзендеріндегі бастапқы судың жоғары деңгейде лайлануы су тазарту бекеттеріне қажетті су көлемін алуға уақытша тазартуға мүмкіндік бермей отыр.

"24 шілде күнгі сағат 8:00-дегі жағдай бойынша бастапқы судың зертханалық талдауы лайлану деңгейінің өткен күндермен салыстырғанда үштен біріне төмендегенін көрсетті. Су дайындау нысандарының қалыпты жұмысқа көшуі ертең, яғни 25 шілдеде жүзеге асырылады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Қала әкімшілігі ақпаратынша, бұған дейін өткен демалыс күндері жауын-шашынға байланысты сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артып, су беру уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектелген.

"Мына мекенжайлардағы тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылды: Юбилейный шағын ауданы, Тау Самал шағынауданы. (Каменск үстірті), "ВИП Алем" коттедж қалашығы, "Европолис" ТҮК, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі", - делінген әкімшілік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар "Көктөбе" шағынауданы, "Самал 1-3", шағынауданы, "Таулы қырат" шағынауданындағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелеріндегі желідегі судың қысымы төмендейтіні ескертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029793-almatyda-birqatar-sagynaudan-men-kosede-su-uaqytsa-osiriledi/

pixel