jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Өзіне қол жұмсаған қырғызстандық әйелдің денесі туыстарына тапсырылды

раушан гүлі
Раушан гүлі. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматыда өзіне қол жұмсаған әйелдің туыстары марқұмның денесін Қырғызстанға алып кеткісі келетіні туралы ақпарат тарады. Қазақстандық НемолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзінше, туыстары мәйітке тәуелсіз сараптама жүргізбек ниетте. Себебі олар әйелдің өзіне қол жұмсағанына сенбейтіндері айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық НемолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі қордың әлеуметтік желідегі парақшасында қайтыс болған үш балалы әйелдің туыстарының бейнеүндеуін жариялады. Қоғам белсендісінің жазуынша, марқұмның туыстары мәйітті Қырғызстанға апарып, тәуелсіз сараптама жүргізіп, сонда жерлегісі келеді.

"Бірақ оларға мәйітті бермей жатыр. Туыстарының айтуынша, суицидке қатысты істі Алматы полициясы жауып тастаған. Біз марқұмның туыстарының талабына қосыламыз, Қазақстан тарапы марқұмның денесін, балаларын туыстарына беруге, ал күйеуін қамауға алуға міндетті деп есептейміз!", - деп жазылған қоғамдық қор парақшасында.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

"Алматы қаласы полиция департаменті қылмыстық істің тоқтатылып, марқұмның денесін беруден бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және қоғамды қасақана жаңылыстыруда екендігін хабарлайды.

Әйелдің денесі жерлеу үшін туыстарына тапсырылды", - делінген полиция департаментінің түсініктемесінде.

Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын және Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында екенін мәлім етті.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Алматыда үш баланың анасы кішкентай қыздарының көзінше өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болған еді. Марқұм Қырғызстан азаматы, 29 жастағы әйел екені хабарланды.

Өзіне қол жұмсаған қырғызстандық әйелдің денесі туыстарына тапсырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.