jitsu gif

Тарихта алғаш рет мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

3-8 тамыз аралығында Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағасында әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship өтеді. Чемпионаттың ерекшелігі сонда, оған шахмат үйірмелері мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, шахматты жақсы көретін қарапайым әуесқой мектеп оқушылары қатысады. Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Чемпионатты Халықаралық және Қазақстан шахмат федерациялары ұйымдастырады.

Чемпионат екі категория бойынша өтеді: 12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі.

Байрақты бәсекеге 50 елден 300-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде.

"Ақтауға алыстан ат арытып, Перу, Мадагаскар, Сан-Томе және Принсипиден қатысушылар келеді. Чемпионаттың географиясы шынымен де әсерлі: төрт құрлықтың мектеп оқушылары өз мектебінің және елінің намысын қорғауға, әлем чемпионы атағы үшін күресуге және әлемнің әр түкпірінен жаңа достар табу үшін Ақтауға ағылады. Мысалы, турнирде бар болғаны 68 мыңға жуық адам тұратын Кайман аралдарының тұрғындарымен танысуға болады", - делінген хабарламада.

Чемпионатта Қазақстанның намысын 6 қаладан 10 мектеп қорғайды:

Тарихта алғаш рет мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.