Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрлігі биыл 1-сыныпқа баратын оқушылардың ата-аналарына үндеу жасады

Опубликовано:

Мектеп оқушылары
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасап, бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат қабылдау 1 тамызда аяқталатынын еске салды. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады", – делінген хабарламада.

Министрлік бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданатынын атап өтті. Ол үшін баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосуреті қажет.

Жалпы бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталған, 4 айда 350 453 өтініш түскен. Биыл бірінші сыныпқа баратын балалардың 71,2 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша жаңа оқу жылында елімізде 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029873-oqu-agartu-ministrligi-biyl-birinsi-synypqa-baratyn-oqusylarynyn-ata-analaryna-undeu-zasady/

pixel