Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43-45 градус: синоптиктер бүгін еліміздің бірнеше өңірінде өте қатты ыстық болатынын ескертті

Опубликовано:

термометр
Термометр. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 25 шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Сейсенбіе арналған ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Мамандардың болжамынша, бүгін де еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Бүгін тек Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күн жауын-шашынсыз болмақ.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі мүмкін.

Бұдан бөлек сейсенбіде Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С-қа дейін, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42°С-қа дейін, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облыстарында оңтүстігінде, батысында өрт шығу қаупі сақталады.

Ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029914-45-gradus-sinoptikter-bugin-elimizdin-birnese-onirinde-ote-qatty-ystyq-bolatynyn-eskertti/

pixel