Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – сұмдық!": Ақтау тұрғыны теңіз жағасын қоқысқа толтырып кеткен демалушылардың әрекетіне күйінді (фото, видео)

Опубликовано:

жол жиегінде шашылып жатқан қоқыс
Жол жиегінде шашылып жатқан қоқыс. Фото: Анна Мурашко

Демалыс күндері теңіз жағасында отбасымен демалмақ болған Ақтау тұрғыны Анна Мурашко жағалауды қоқысқа толтырып кеткен демалушылардың әрекетіне күйінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ inAktau.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала тұрғынының сөзінше, теңіз жағасы, ондағы жол жиектері табиғатта ұзақ уақыт ыдырайтын полиэтилен пакеттері мен пластик бөтелкелерге толып қалған.

"Отбасымызбен теңізге бардық! Бұл – сұмдық! "Монтажник" базасынан кейін құдды бір қалалық қоқыс төгетін жер басталатын сияқты! Әр қадам сайын қоқыс жатыр: жағажайға кіреберіс, жағажайдың өзі қоқысқа толы!

Қалай ғана адамдар өзі тұратын жерге осылай қарайды? Пластик қызған кезде әр тіршілік иесінің ағзасын улайтын токсиндер бөледі. Қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша пластикпен үлкен проблема бар! Жануарлар өліп, адамдар улануда!

Егер әркім өзінен кейін саналы түрде қоқыстарды жинап кетсе, онда жағдай сәл болса да жақсармай ма!", – деп жазды Ақтау тұрғыны Анна Мурашко.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алакөлге демалуға барған тұрғындардың бірі қоқыстан аяқ алып жүргісіз жағалауды көрсетіп, халықты тазалық сақтауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029924-bul-sumdyq-aqtau-turgyny-teniz-zagasyn-qoqysqa-toltyryp-ketken-demalusylardyn-areketine-kuiindi-video/

pixel