Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Интернет те сарқылатын ресурс": Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды

Опубликовано:

Ұялы телефон ұстап тұрған әйел
Ұялы телефон ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусиннің сөзінше, қазақстандықтар трафикті көп қолданады.

"Қазақстандықтар 15-20 гигабайт ақпаратты тұтынып үйреніп қалған. Бірақ үнемдеп үйренейікші. Мобильді интернет деген қымбат екенін түсінейік. Үйге келген кезде Wi-Fi-ға қосылу керек. Мәдениет болуы керек, үнемдеу мәдениеті болуы керек", – дейді ол.

Министр интернет те сарқылатын ресурс екенін және оны да су мен электр қуаты сияқты үнемдеп пайдалану керектігін тағы да еске салды.

"Егер сізге техникалық сауаттылықты арттыру керек болса, мен дайынмын. Ол да таусылады (интернет – ред.), себебі базалық станция тек белгілі бір мобильді құрылғыларды қосады. Егер қосылған мобильді құрылғылардың шекті саны асып кетсе, байланыс нашарлай бастайды.

Ал екінші базалық станцияны тұрғызу үшін қомақты инвестиция қажет. Инвестициялар қайдан келеді? Біздің қалтамыздан. Экономикада әркім бір нәрсе үшін төлейді", – дейді Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029986-internet-te-tausylatyn-resurs-musin-qazaqstandyqtardy-internetti-unemdep-paidalanuga-saqyrdy/

pixel