Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлықтың ешбір түрін қолдамаймыз": Түркия елшілігі бүлдіршінді тебу оқиғасына байланысты үн қатты

Опубликовано:

Кішкентай қыз
Бүлдіршін. Көрнекі фото: Рixabay.com

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі Алматы облысында түркиялықтың бүлдіршінді тепкен келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматыда кішкентай балаға қатысты болған күш көрсету оқиғасын өкінішпен естідік. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды Түркия елшілігі әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 24 шілде күні Алматы іргесіндегі сауда орталығында ер адамның кішкентай қыз баланы теуіп құлатқаны видеоға түсіп қалған болатын. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің Түркия азаматы екенін хабарлады.

Аталған жағдайға бүгін еліміздегі балалар омбудсмені Динара Зәкиева пікір білдірді. Оның сөзінше, кішкентай қызды тепкен шетелдік әуелі Қазақстанда жазаланып, кейін сот шешімі күшіне енген соң оны Қазақстан Республикасы шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030055-zorlyqtyn-esbir-turin-qoldamaimyz-turkiya-elsiligi-buldirsindi-tebu-oqigasyna-bailanysty-un-qatty/

pixel