jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"39 градусқа дейін ыстық, қатты жаңбыр": ТЖД ауа райына байланысты алматылықтарға үндеу жасады

жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті синоптиктердің дауылдық ескертуіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 27 шілдеде Алматы қаласында ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтеріледі.

28 шілдеде Алматыда найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. Ал батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Осы орайда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы кезінде тұрғындарды аса сақ болуға шақырып отыр.

"Қатты жел кезінде автокөліктеріңізді ағаштардың, электр желілердің және басқа да әлсіз бекітілген құрылымдардың астында қалдырмауыңызды сұраймыз. Тауға демалуға барғанда ашық жерде от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Сондай-ақ бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспаңыз, өйткені электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін", - дейді Алматы қаласы ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ ведомство өкілдері балаларды автокөліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмауға, қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырды.

"39 градусқа дейін ыстық, қатты жаңбыр": ТЖД ауа райына байланысты алматылықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.