Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"43 градус ыстық, дауыл": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 27 шілдеде елімізде қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Мәселен, кей өңірлерде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Сонымен қатар республика бойынша жел күшеюі мүмкін.

Бүгін тек республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ күндіз Түркістан, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Абай облыстарында, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде +35...+40°С-қа дейін қатты ыстық, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында +42...+43°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Бұдан бөлек синоптиктер бейсенбіде Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, Павлодар, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында өрт шығу қауіпі сақталатынын ескертті.

Ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030225-43-gradus-ystyq-qatty-zel-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel