Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, бұршақ, 39 градус ыстық: бүгін елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көшеде жаяу кетіп бара жатқан адамдар
Жаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 28 шілдеде Алматыда найзағай ойнап, жел күшейеді, Астана мен Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы 28-30 градусқа дейін ысиды, түнде 16-18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы - 5-10 м/с.

Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауа температурасы күндіз 30-32 градус, түнде 20-22 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады – күндіз ауа температурасы 37-39 градус ыстық болады, түнде 23-25 ​​градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Жел екіпіні 8-13 м/с-тен 15-20 м/с дейін жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 28 шілдеде Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде найзағай соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілетіні туралы жазған едік.

Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030377-qazaqstannyn-megapolisterinde-kun-kurkirep-bursaq-zauyp-39-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/

pixel