jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Air Astana Алматы әуежайынан ұшатын жолаушыларға үндеу жасады

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан ұшатын жолаушыларға әуежайға ертерек келуге кеңес берді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Air Astana әуекомпаниясының хабарлауынша, жолаушылар ағынының өсуіне байланысты Алматы әуежайында кептеліс жазғы маусымның соңына дейін жалғасуы ықтимал.

"Рейске тіркелу және ұшуға отырғызу кезінде кідірістерді болдырмау үшін жолаушылардың әуежайға алдын ала келуі абзал. Рейске онлайн тіркеліп, әуежайға шықпас бұрын сілтеме арқылы рейстің статусын тексеріп тұруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы кездері алматылықтар әуежайдағы ұзын-сонар кезек, кептеліс және көлік қоятын орындардың жоқтығына шағымданған болатын.

Алматы әуежайы әкімшілігі мәселені алдағы жылы шешетінін айтқан еді.

Air Astana Алматы әуежайынан ұшатын жолаушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.