jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Аптап ыстық сақталады": синоптиктер 29 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

ыстықтан басына су құйып тұрған ер адам
Аптап ыстық күн. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктердің ақпаратынша, 29 шілде күні Қазақстанның кейбір қалаларында найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. Бірақ аптап ыстық сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктер мәліметінше, 29 шілде күні елордада найзағай болады деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус болмақ, ал түнде 16-18 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, ал түнде 5-10 м/с болады. Найзағай кезінде 15-20 м/с дейін артуы ықтимал.

Алматыда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 32-34 градусқа ыстық болуы мүмкін, түнде 18-20 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы — 3-8 м/с.

Ақтөбеде найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-37 градус аптап ыстық болуы ықтимал, ал түнде 19-21 градусқа төмендейді. Желдің екпіні 3-8 м/с болса, найзағай кезінде 15 м/с дейін жетеді.

Қызылордада күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа дейін жетеді, ал түнде 23-25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы — 9-14 м/с.

Павлодарда найзағай ойнайды деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус болмақ, ал түнде 13-15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды, найзағай кезінде болса, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырауда күндіз 32-34 градусқа дейін жылы болады, түнде 21-23 градусқа төмендейді. Жел екпіні күндіз 9-14 м/с, түнде 2-7 м/с құрайды.

Түркістанда болса, күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа жетеді, ал түнде 21-23 градусқа төмендейді. Жел екпіні 8-13 м/с болады.

"Аптап ыстық сақталады": синоптиктер 29 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.