jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"6 жастан бастап қабылдайды": елімізде бірінші сыныпқа құжаттарды қалай онлайн өткізуге болады

Бірінші сынып оқушылары
Бірінші сынып оқушылары. Көрнекі фото: pixabay.com

Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта "Электрондық үкіметтің" egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Биылғы оқу жылында білім мекемесіне баланың даярлық деңгейіне қарамастан, мектеп маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады.

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге мүмкіндік бар.

"Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек.

Сонымен қатар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3х4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Мектепке қабылдау – 6 жастан басталады", – делінген хабарламада.

Сол арада әкімдікте Алматы бойынша бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталғанын еске салды. Осы уақытқа дейін Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 25 мыңнан астам өтініш түскен. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.

"6 жастан бастап қабылдайды": елімізде бірінші сыныпқа құжаттарды қалай онлайн өткізуге болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.