Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"42 градус аптап ыстық": 30 шілде күні елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

аптап ыстық
Қалпақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 30 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" еліміздің кей өңірінде 42 градусқа дейінгі аптап ыстық болатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер мәліметінше, бұл аптада елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.

30 шілде күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды ​​облыстарының оңтүстігінде 35-42 градус аптап ыстық болады.

Сонымен қатар синоптиктер Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт шығу қауіпі сақталатынын ескертті.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт шығу қауіпі бар сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың батысында шаңды дауылдар күтілуде. Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030562-42-gradus-aptap-ystyq-30-silde-kuni-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel