jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше облысында 42 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Суға шомылуға кетіп бара жатқан қыздар
Суға шомылуға кетіп бара жатқан қыздар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМҚ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер мәліметінше, ертең, 31 шілдеде Астанада, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Қостанай, Ақмола облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі және төтенше өрт қауіпі сақталады.

31 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін барады. 31 шілде-02 тамыз аралығында күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус сақталады.

31 шілдеде таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

31 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 31 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

31 шілдеде Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қазақстанның бірнеше облысында 42 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.