jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Суға кеткен баланы құтқарып, өзі қаза тапқан астаналық мұғалім орденмен марапатталды

Александр Руденко
Александр Руденко. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Ақорданың баспасөз қызметі Александр Руденконың 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқанын атап өткен.

Суға кеткен баланы құтқарып, өзі қаза тапқан астаналық мұғалім орденмен марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.