Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы тағы бір балалар лагерінен шу шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ойнап жүрген балалар
Жазғы лагерь. Көрнекі сурет: pexels.com

Әлеуметтік желіде ата-аналар Алматы облысындағы тағы бір балалар лагеріндегі жағдайды айтып, шағымдануда. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Талдықорғандық белсенді Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында лагерьден сурет жариялап, оны көпбалалы аналар жолдағанын жеткізді. Фотодан жөндеуді қажет ететін бөлмеде ұйықтап жатқан балаларды байқауға болады. Блогер сурет Қонаев қаласында орналасқан "Бәйтерек" балалар лагерінде түсірілгенін жазған.

Аталған жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс тобын құрып, оқиға орнына шықты. Министрліктің, білім басқармасының өкілдері орталықта балалардағы жағдайын, қауіпсіздігін тексеретін болады", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар Қонаев қалалық білім бөлімі аталған жекеменшік "Бәйтерек" лагерінде мониторинг жүргізгенін, оның барысында лагерьде СЭС рұқсаты бар екені анықталғанын атап өтті. Оқиға орнында прокурорлар да жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қаласының сыртында орналасқан балалар лагерінен кадрлар пайда болды. Ата-аналардың сөзінше, лагерь саунаның ішінде жасақталған.

Алматы қалалық білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа беретінін хабарлады. Бөлім тиісті талап-арыз дайындауға уәде берді.

Ал Оқу-ағарту министрлігі бұл факті анықталғаннан кейін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қадағалайтын жедел мобильді топ құрылғанын хабарлады. Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шулы лагерьдің жағдайын жеке бақылауына алды.

Сондай-ақ Алматы прокуратурасы қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Прокурорлар лагерь жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қалалық білім басқармасының бюджетінен қаржыландырылғанын анықтады.

Қылмыстық істерді тергеу оңтүстік астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүктелген.

Алматы әкімдігі оқиғадан кейін оңтүстік астанадағы барлық балалар лагерінде тексеру жүргізілгенін, екі мекемеде заңбұзушылықтар анықталғанын, білім басқармасы аталған ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы хабарлама жібергенін хабарлады. Бұл лагерьлердің балалары басқа лагерьлерге бөлінеді.

Ал Бас прокуратура республика бойынша мемлекеттік, жеке және шатырлы балалар лагерлерінің қызметіне тексеру басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030742-almaty-oblysyndagy-tagy-bir-balalar-lagerinen-su-syqty/