Астана әкімдігі қала тұрғындарынан түнде терезе ашпауды өтінді
Жарияланған күні:
Астанада түнгі уақытта масаға қарсы дезинсекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр. Елорда әкімдігі зиянкестермен күресу кезінде сақтық шараларын есте ұстауға шақырды. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында хабарланды.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аумағында түнгі сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін 6 тур бойы масалардың көбеюінің алдын алу мақсатында қорғаныс жасай отырып, шыбын-шіркейлерді құрту іс-шараларын өткізетінін мәлім етті.
"Қазіргі уақытта 28 шілдеден бастап 4-тур аясында Астана қаласында масаларды жою жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыс ашық алаңдарда бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Елорданың шетінен шыбын-шіркей мен олардың жаппай ұшып келуіне жол бермеу мақсатында қала маңындағы қорғаныс бөгеттері тұрақты түрде жүргізілуде. Жұмыс мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос пен малатионның белсенді заты бар FOS класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Елорда әкімдігі қала тұрғындарынан зиянкестермен күресу кезінде сақтық шараларын есте ұстауды - егістік жерлерге баруды шектеу, өңдеу кезінде терезелерді жабуды өтінді.
"Өңдеу кезінде мынандай техникалар қолданылады: 90-нан астам дезинфектор, 8 энтомолог-биолог, 24 термогенератор, 90 бірлік моторлы сөмке бүріккіштер, 3 бірлік дезинфекциялау машинасы және 2 бірлік дезинфекциялау қондырғысы бар мотоцикл шассиі", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030745-astana-akimdigi-qala-turgyndarynan-tunde-tereze-aspaudy-otindi/