Бүгін еліміздің ірі қалаларында 40 градусқа дейін ыстық күтіледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Синоптиктер сейсенбі, 1 тамызда Қазақстанның үш мегаполисі - Астана, Алматы және Шымкентте аптап ыстық күтіледі деп болжайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада бүгін күн райы - жауын-шашынсыз. Күндіз термометр бағаны +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.
Сейсенбіде Алматыда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз +35...+37 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.
Шымкент тұрғындарына бүгін қалада қатты ыстық болатыны туралы ескертілді. Күндіз ауа температурасы +38...+40 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Метеорологтар еліміздің мегаполистерінде бүгін өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.
Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар аймағанда аптап ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2030775-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-40-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/