jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда электр қуатының жиі cөну мәселесі: жаңа қосалқы станция құрылысы аяқталды

Электр станциясының іші
Электр станциясының іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алмагүл" қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100 пайыз аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төселді.

"Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған "Алмагүл" шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар "АЖК" АҚ-мен жүргізіледі", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қала әкімдігі ақпаратынша, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілуіне қатысты. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді. Ерболат Досаев осы қосалқы станция бойынша барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Алматыда электр қуатының жиі cөну мәселесі: жаңа қосалқы станция құрылысы аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.