jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

70,7 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдады: Қазақстанда 1 сыныпқа оқушы қабылдау мерзімі аяқталды

Мектеп оқушылары
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі соңына жетті. Құжаттарды қабылдауға төрт ай уақыт берілген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Елімізде 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды", - деп мәлім етті ведомство.

Министрлік мәліметінше, өтініш берішулердің 70,7 пайызы мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылған.

Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3 пайыз), Павлодар (97,6 пайыз), Шығыс-Қазақстан (96,6 пайыз) облыстарында тіркелді.

70,7 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдады: Қазақстанда 1 сыныпқа оқушы қабылдау мерзімі аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.