jitsu gif

Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр, найзағай, қатты жел күтіледі

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, күн салқындайды
Жаңбыр. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жаңбыр жауып, найзайғай ойнайды және қатты жел тұрады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада бүгін күн жауын-шашынды және найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +19...+21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сәрсенбіде Алматыда жауын-шашынды және найзағай күтіледі. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз +36...+38 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкент тұрғындарына бүгін қалада қатты ыстық болатыны туралы ескертілді. Күндіз ауа температурасы +37...+39 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр, найзағай, қатты жел күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.