jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"25 жылдан кейін мурал салып беремін": Алматыда ер адам әйеліне ерекше сыйлық жасады (видео)

Тұрғын үй қабырғасына салынған мурал
Мурал. Кадрдан үзінді: TikTok / @mikasshakarim

Әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде әйел бейнеленген муралдың видеосы тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Автор мәліметінше, мурал Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде салынған.

Махаббат оқиғасы туралы видео TikTok желісінде 25 мыңнан астам қаралым мен 2 мыңнан аса лайк жинаған.

"Маған тұрмысқа шықшы, 25 жылдан кейін саған мурал салып беремін", - деп видеода жолдасының сөзін еске алды әйел.

Видеодағы ер адамның сөзіне сенсек, ол муралды алғаш рет қалың мал берген үйдің қасбетіне салған.

"Сені алып кеткенім есіңде ме?

- Иә, мына жерден той көйлек киіп шығып едім", - деп қуанышты сәттерін еске алды жұп видеода.

Желі қолданушылары ер адамның әйеліне тарту еткен сыйлығына сүйсінді.

"Дұрыс айтасыз, бұл мурал махаббат муралы", "Кейбір адамдарға махаббатын дәлелдеу үшін бір ғұмыры да жетпейді", "Сөзінде тұрды", - деді пікір білдірушілер.

"25 жылдан кейін мурал салып беремін": Алматыда ер адам әйеліне ерекше сыйлық жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.