jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматының бірқатар ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

ыстық су11
Көрнекі фото: pixabay.com

4 тамыз күні Алматы қаласының Медеу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан өшіріледі. Сонымен қатар 7-21 тамыз аралығында Алатау ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ыстық судан шектеледі, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 09:00-20:00 аралығында Медеу ауданының аумағында Сәтбаев-Достық-Тайманов-Назарбаев көшесінің контурында, сондай-ақ Самал-1, Самал-2 және Самал-3 ықшамаудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Бұл жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген шектеулер.

Сонымен қатар "Алматы" арнасы 7-21 тамыз аралығында Алатау ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау "Алматыжылукоммунэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектелетінін атап өтті.

"Уақытша шектеу Бауыржан Момышұлы – Арқалық – БАҚ көшесінің шығысындағы (солтүстік жағы) контурында шектеледі. "Алматы жылу жүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды", - деп хабарлады "Алматы" арнасы.

Алматының бірқатар ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.