jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Алтын бұйымдарды сатуға шыққан": Түркістан облысында жоғалып кеткен әйелге байланысты тың дерек шықты

Гүлсім Нарджигитова
Гүлсім Нарджигитова. Фото: POLICE_of_KZ

Түркістан облысында 1985 жылы туған әйел бірнеше күннен бері іздестірілуде. Полиция Гүлсім Нарджигитованың жоғалмас бұрын 1 млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жоғалған Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында, оның құны бір млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің бір тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған әйелді іздеу шарасына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесінің жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар", - деп хабарлады полиция өз хабарламасында.

Сонымен қатар департамент бұл істі Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауға алғанын мәлімдеді.

Егер сіз жоғалған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесінің 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 нөміріне немесе 102 телефондарына хабарласа аласыз.

"Алтын бұйымдарды сатуға шыққан": Түркістан облысында жоғалып кеткен әйелге байланысты тың дерек шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.