Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұршақ, найзағай, аптап ыстық": ертең еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Гүлдер
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" синоптиктері елімізде 4 тамызға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды. Ертең еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр күтілуде. Еліміздің солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Күндіз елдің солтүстігінде, шығысында бұршақ  жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық болса, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында 40-42 градус аптап ыстық күтіледі.

Ақмола, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.  

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының онтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде және батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031195-bursaq-naizagai-aptap-ystyq-erten-elimizdin-onirlerinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel