jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

FlyArystan компаниясы халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелуді тоқтатты

Ұшақ
Көрнекі фото: t.me/flyarystan_inform

FlyArystan компаниясы халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелуді тоқтатты. Бұл туралы компания Telegram арнасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, бұл қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болып, туындаған мәселелерді шешкенше, бұл қызметті іске қосуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыларға толық қайтарым жасалынады.

FlyArystan осы қызметті болашақта жүзеге асыра алатынына және Қазақстанның авиация саласын дамытуға бағытталған цифрландыру стратегиясына толықтай сенімді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 3 тамызда әуежайда қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының рейстеріне тіркелу ақылы болатыны хабаланған еді.

Атап айтқанда, қызметті алдын ала сатып алған жағдайда ішкі рейстерге 500 теңге, ал халықаралық рейстерге 5 мың теңге деп белгіленген болатын.

FlyArystan компаниясы халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелуді тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.