Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай қаласының әкімін сотқа берген әйел 14 млн теңгеге жуық қаражат өндіріп алды

Опубликовано:

Бума ақша
Бума ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

14 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелген әйел Қостанай қаласының әкімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, тиісті қаражатты өндіріп алған. Істің мән-жайы Қостанай облыстық сотының ресми сайтында жарияланды.

Облыстық сот мәліметінше, Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат Ш. Қостанай қаласының әкіміне, "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-не төтенше жағдай салдарынан кейін тұрғын үйді қалпына келтіру үшін құрылысқа сәулет жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі-СЖТ) беру міндеті туралы талабымен жүгінген.

Сотта ТЖ салдарынан талап қоюшының тұрғын үйі өртенгені анықталды.

Жер учаскесін пайдалану мақсаты жеке тұрғын үйге салу болған.

"Қостанай қалалық сотының шешімімен Қостанай қаласының әкімінен талап қоюшының пайдасына тұрғын үйді қалпына келтіргені үшін 13 877 561 теңге өндірілген. Осыған байланысты Ш. жауапкерлерге моншасы бар тұрғын үй салу үшін 2 СЖТ және техникалық жағдай пакетін беру туралы өтінішпен жүгінген", - делінген сот хабарламасында.

Өз кезегінде, жауапкерлер бұл құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елдімекендерді дамыту мен салу сызбасына сәйкес келмейтіндігін айтып, сәулет жоспарлау тапсырмасын беруден бас тартқан

"Алайда, өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі, оның ішінде жаңасын бекіту немесе бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу сызбасына өзгерістер еңгізу нәтижесінде туындаған қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда бас тарту үшін негіздеме қолданылмайды", - делінген хабарламада.

Облыстық сот ақпаратынша, жоғарыда аталған негіздер талап қоюшыға қолданылмайтынын, себебі СЖТ-ны ТЖ салдарынан өртенген тұрғын үйге қызмет көрсету үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесінің меншік иесі ретінде сұратқан, оны қалпына келтіру үшін Қостанай қаласы әкімінен талап қоюшының пайдасына 13 877 561 теңге өндіріліп алынған.

Жауапкерлер Азаматтық кодекстің 188-бабының 1-тармағына сәйкес меншік құқығы субъектінің өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету үшін заңнама актілерімен танылатын және қорғалатын құқығы бар екенін ескермеген.

Қостанай облыстық соты талап толық көлемде қанағаттандырылып, шешім заңды күшіне енбегенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031252-qostanai-qalasynyn-akimin-sotqa-bergen-aiel-14-mln-tengege-zuyq-qarazat-ondirip-aldy/

pixel