jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Жауын-шашын
Жаздағы жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктердің болжауынша, 5-7 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Одан бөлек жел күшейіп, дауыл соғуы мүмкін.

Қазақстанның басым бөлігінде температура біртіндеп төмендеуі ықтимал.

Сонымен қатар еліміздің батыс аймақтарында әлі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұл ретте 5-6 тамызда күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында 40-42 градус аптап ыстық болады деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер тамыз айында еліміздегі қаншалықты құрғақшылық болатынын болжағанын жазған едік.

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.